Спам ЖҚС

Бұл ЖҚС жинағы спам үшін шағым түсіп, тіркелгісі шектелген қолданушыларға арналған.
Негізгі ЖҚС-ға қайту »


Тіркелгіме не болды?

Қолданушылар чатта «Спам деп шағыну» батырмасын басқанда, бұл хаттар тексеру үшін модераторлар тобына жіберіледі. Модераторлар хатты спам деп шешсе, тіркелгі уақытша шектеледі.

Бұл дегеніміз сіз бейтаныс адамдарға қажетсіз хаттар жіберсеңіз немесе топтарға спам таратсаңыз, енді бұлай істей алмайсыз.

Енді хат жібере алмаймын ба?

Жоқ, бәрі айтарлықтай жаман емес. Шектелген тіркелгілер нөмірі контактілерде сақталған адамдарға хат жібере алады. Сізге бірінші болып жазған кез келген адамға әрқашан жауап бере аласыз.

Маған не үшін шағым түсті?

Telegram-дағы қолданушы аты бойынша іздеу — жаңа дос табу құралы емес. Әдетте адамдарға бейтаныстың жазғаны ұнамайды, сондықтан хаттарыңыз оларды мазаласа, олар сізге шағынады. Адамдарға сізден хат күтетініне сенімді болсаңыз ғана жазыңыз. Бұл адамдарды қажетсіз топтар мен арналарға қосуға да қатысты. Сонымен қатар топ әкімшілері де өз топтарында спам таратқан қолданушыларға шағым түсіре алады.

Әрине, бұндай шағымдардың бәрін модераторлар тексереді. Хатта спам болса, тіркелгі уақытша шектеледі.

Адамдар маған не үшін шағынуы мүмкін?

Жеке хаттар үшін не жібергеніңіз маңызды емес, алушы оны қаламаса, ол шағына алады. Бұл сурет, шақыру сілтемесі немесе жай ғана «сәлем» болуы мүмкін. Хатты адамдар қарсы болмайтынына сенімді болғанда ғана жіберіңіз.

Жалпы ереже бойынша адамдарға сұраусыз келген жарнамалар, сілтемелер, топтар мен арналарға шақырулар, кездейсоқ суретте және ең бастысы, коммерцияға немесе желіде танымал болуға қатысты дүниелер ұнамайды. Сондай нәрсе жіберсеңіз, бұғатталасыз, ал қалғандары риза болады.

Модераторлар топтардағы хаттарға сәл жұмсақ қарайды, бірақ спам немесе сұраусыз жарнама жіберген кез келген адам шектеледі.

Енді не істеуім керек?

Бұл сізде бірінші рет болып тұрса (және сіз кәсіби спаммер болмасаңыз), тіркелгіңіз шамамен бірнеше күнге шектеледі. Күте тұрыңыз және басқа қолданушылардың мессенджерді тыныш қолданғысы келетінін ескеріңіз.

Ережелерді қайталап бұзу бұғаттау мерзімінің ұзаруына әкеледі. Бейтаныстарға қажетсіз хаттар жазуды тоқтатпасаңыз, бұл мүмкіндіктен мәңгіге айырылуыңыз мүмкін.

Кінәм жоқ, тіпті бейтаныстарға «сәлем» деп жазбадым.

Шектеу тіркелгіңізге қате қойылды деп есептесеңіз, біздің @SpamBot ботына жазыңыз.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, тіпті ең жақсы жүйелер, алгоритмдер мен тәжірибелі мамандар да кейде қателесуі мүмкін.

Қателескенімді білемін, шектеуді қазір алып тастаңызшы!

Бір өкініштісі, бұл мүмкін емес. Біз Telegram қолданушыларының тыныштығын жоғары бағалаймыз.

Жаңа ғана тіркелдім, бірақ тіркелгім шектелген. Не істей аламын?

Кейбір нөмірлердің бұрынғы иелерінің әрекетіне немесе виртуалды (VOIP) нөмір болуына байланысты жүйеміз оларға қатаң шектеу қоюы мүмкін. Тіркелгіңіз еш себепсіз шектелсе, кешірім сұраймыз.

Сізде де осындай жағдай болса, @SpamBot-қа жазып, жағдайды түсіндіріңіз.