Telegram Premium жайлы негізгі сұрақтарды осы құжат қамтиды.
Толық ақпар алу үшін Premium қызмет көрсету шарттарын және негізгі ЖҚС бөлімін оқыңыз.
Жалпы
Мүмкіндіктер
Қолжетімділік
Төлем
Бас тарту
Құпиялық пен дерек
Telegram Premium – қосымша айрықша мүмкіндіктерді ашатын, қосымшаның дамуын қолдауға көмектесетін ақылы жазылым қызметі. Бұл Telegram-ның тұрақты табыс табуының бөлігі, жарнама берушілерге немесе акционерлерге емес, қолданушыларға сүйенеді. Осылайша Telegram тәуелсіз болып қала алады және бірінші кезекте қолданушыларды қояды.
Premium қолданушылары мыналарды алады:
@Premium Qazaqstan арнасында әрбір мүмкіндіктің егжей-тегжейлі сипаттамалары, сондай-ақ барлық Premium стикерінің тізімі бар.
App Store, Google Play (Баптау → Telegram Premium) арқылы немесе @PremiumBot арқылы жазылуға болады. Бот арқылы жазылу арзанырақ, себебі Apple мен Google комиссиялары алынбайды.
@PremiumBot қазіргі уақытта Telegram-ның Android, Desktop пен macOS қолданбаларында қолжетімді.
Иә! Telegram Premium енгізілгенге дейінгі барлық мүмкіндік тегін күйінде қалады, шексіз бұлтты сақтау, үлкен топтар мен арналар, дауыс және бейнеқоңыраулар, бірнеше құрылғы мен тіркелгіні қолдау, ондаған мың стикерлер және басқа да көптеген мүмкіндіктер. Сонымен қатар Telegram-ның болашақ жаңартулары барлық қолданушы үшін жаңа мүмкіндіктерді қосуды жалғастырады.
Жоқ. Premium және Premium-і жоқ қолданушылар арасында қарым-қатынасқа ешқандай шектеулер жоқ. Керісінше, көптеген Premium мүмкіндіктер де тегін қолданушыларға пайда әкеледі. Мысалы: кез келген адам Premium қолданушылар жүктеген 4 ГБ файлдарды жүктей алады, Premium стикерлердің анимациясын көре алады немесе Premium қолданушылар қосып қойған айрықша реакциялардың санын көбейту үшін нұқыңыз.
Telegram Premium бар қолданушылар олармен чатты кім бастай алатынын шектей алады, бірақ олардың контактілерінің бірі болсаңыз немесе олар сізге бірінші болып жазса, бұл баптау қолданылмайды.
Premium мүмкіндіктердің толық тізімімен @Premium Qazaqstan арнасында танысуға болады.
Иә, жазылымы жоқ қолданушылар әлі де көптеген жаңа мүмкіндіктерге ие болады. Telegram Premium бізге ғаламшардағы ең қуатты мессенджерге тегін қолжетімділікті сақтай отырып, қолданушылар жылдар бойы сұраған барлық ресурсты қажет ететін мүмкіндіктерді береді.
Telegram Premium-ға жазылсаңыз, тіркелгіңіз барлық қолжетімді Premium мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Кейбір клиенттер осы мүмкіндіктердің бірін немесе бірнешеуін бірден қолдамауы мүмкін, жазылымды толық қолдану үшін Android, iOS, Desktop және macOS үшін Telegram сияқты ресми қолданбаларымыздың бірін қолдануды қарастырыңыз.
Жазылу Telegram-дағы тіркелгіңізден кез келген медиа жүктеу жылдамдығының шектеулерін жояды. Жүктеу жылдамдығы артпаса, аппараттық құрал, интернет-провайдер және т.б. себеп болған басқа шектеулерге тап болуыңыз мүмкін.
Толығырақ түсіну үшін қызмет көрсету шарттарымызды қараңыз.
Таңба қазір барлық Premium жазылушысының аты-жөнінің жанында көрінеді.
Кейбір Premium мүмкіндіктерге жазылым сатып алмаған қолданушылар қол жеткізе алады. Мысалы: Premium-ге жазылып, хатқа Premium реакциясын қоссаңыз, достарыңыз сол хатқа сол реакцияларды қоса алады. Бұл файлдарға да қатысты: кез келген қолданушы Premium қолданушылар жүктеген үлкен 2+ ГБ файлдарды жүктей алады.
Ресми демеуші хаты - бұл минималистік жарнамалар, оларды Telegram көптеген жазылушысы бар кейбір ірі, жария арналарда көрсетілуі мүмкін. Бұл жарнамалар Telegram Premium-ге жазылған қолданушылар үшін жасырын болады.
Арна әкімшілері өз бірлестіктерінде хаттар немесе БАҚ арқылы жарнама контентін өз бетінше жариялай алады, бұл Telegram бақылауынан тыс және Premium қолданушылары үшін әлі де пайда болады.
Толық түсіну үшін қызмет көрсету шарттарымызды қараңыз.
Арналар Premium жазылушыларынан дауыс алу арқылы кейбір Premium мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады. Алынған әр деңгей үшін арналар күніне 1 қосымша хикая жариялай алады және 1 қосымша жеке реакция қоса алады. Әр деңгей сондай-ақ эмоджи статусы, кейіптер және жеке тұсқағаздар сияқты баптау теңшеулерін ашады. Міне, әр деңгей үшін егжей-тегжейлі тізім.
Арналар өздерінің Premium жазылушыларынан дауыс алу немесе ұтыс жасау арқылы деңгейін көтереді. Жазылушыларға бірегей дауыс беру сілтемесін жіберу арқылы Premium қолданушылары арнаңызға дауыс береді. Ұтыс өткізу арқылы арнаңыз бірден берілген әрбір Premium жазылымынан барлық 4 дауысты алады.
Дауыс беру сілтемесін табу үшін ұтыс ойынын бастаңыз немесе арнаңыздың деңгейін тексеріп, Арна бейіні → Арна баптауы → Статистика → Дауыс бөлімін ашыңыз.
Арна әкімшілері достары мен контактілеріне Telegram Premium сыйлай алады, әр сыйлық үшін 3 дауыс алады, оны ұтыс жасаудың орнына арнаңызға жеке тағайындауға болады.
Әр арнаға деңгейін көтеру үшін жалпы жазылушылар санына негізделген әртүрлі дауыс саны қажет. Арна алған әр деңгей үшін олар қосымша мүмкіндіктерді ашады және баптау теңшеулерін қосады.
Топтар Premium жазылымы бар топ мүшелерінен дауыс алу арқылы кейбір Premium мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады. Әр алған деңгейі үшін топтар күніне 1 қосымша хикая жариялай алады. Әр деңгей сондай-ақ топтық эмоджи жинағын, эмоджи статусы және жеке тұсқағаздар сияқты баптау опцияларын ашады. Міне, әрбір деңгей үшін егжей-тегжейлі тізім.
Топтар өздерінің Premium мүшелерінен дауыс алу арқылы деңгейін көтереді. Бірегей дауыс беру сілтемесін мүшелерге жіберіп, Premium қолданушыларына топқа дауыс беруге мүмкіндік береді. Мүшелер топтың бейіні арқылы да топты көтере алады.
Жетілдіру сілтемесін табу немесе тобыңыздың деңгейін тексеру үшін Топ бейіні → ⋮ / ⋯ → Дауыс бөлімін ашыңыз.
Топ әкімшілері достары мен контактілеріне Telegram Premium сыйлай алады, әр сыйлық үшін 3 дауыс алады, бұл тобыңызға тағайындай алатын дауыс санын арттыруға көмектеседі.
Әр топқа деңгейін көтеру үшін мүшелердің жалпы санына негізделген әртүрлі дауыс саны қажет. Топ алған әр деңгей үшін олар қосымша мүмкіндіктерді ашады және баптау теңшеулерін қосады.
Иә, Telegram Premium-ге кез келген қолданбадан немесе өзіңізге ұнайтын платформадан жазылуға болады, тіпті дәл сол құрылғыны өте жиі қолданбасаңыз да. Premium мүмкіндіктері тіркелгіңіз бойынша үйлестіріледі және барлық құрылғыңызда қолжетімді.
@PremiumBot арқылы тікелей қолданбада жазылу Google Play немесе App Store арқылы жазылуға қарағанда арзанырақ.
Жоқ. Бір Google / Apple ID тіркелгісі кез келген уақытта тек бір ағымдағы жазылымды қолдайды. Қосымша тіркелгілер үшін қосымша жазылымдарды сатып алу үшін қолдауы бар қолданбада @PremiumBot ботын қолдана аласыз.
Мүмкін, еліңізде жергілікті заңдар мен ережелер адамдарға Telegram Premium-ге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ еліңізді Telegram сүйенетін төлем процессорлары қолдамауы мүмкін. Қалай болғанда да, Telegram-ның барлық қызметін бәріне қолжетімді ету үшін бар күшімізді саламыз.
Бұнда екі себеп болуы мүмкін, Telegram Premium еліңізде қолжетімсіз немесе қолданбаңыз App Store немесе Google Play дүкенінен жүктелген, сондықтан @PremiumBot қолдамайды.
Telegram Premium мүмкіндіктерін қазіргі уақытта Android, iOS пен macOS, сондай-ақ Telegram Desktop пен Telegram Web арналған Telegram қолданбалары қолдайды. Telegram X немесе үшінші тарап қолданбалары сияқты басқа клиенттер қазіргі уақытта кейбір Premium мүмкіндіктерін қолдамауы мүмкін.
Әр тіркелгі үшін Telegram Premium-ге жеке жазылу қажет. Жазылған кезде бұл тіркелгі кез келген қосылған құрылғыларда оның Premium мүмкіндіктерін қолдана алады.
Бұл қазіргі уақытта мүмкін емес, дегенмен, жазылымды жоғалтпай, тіркелгіңізге байланысты нөмірді еркін өзгерте аласыз.
Premium мүмкіндіктері қазіргі уақытта жеке қолданушыларға байланысты және кез келген чатта қолданылуы мүмкін, бұл тек Premium қоданушысына ғана емес, сонымен қатар олардың контактілері мен жазылушыларына да пайдалы. Дегенмен, Telegram Premium үшін болашақ әзірлемелер бірлестікке бағытталған теңшеулерді қамтуы мүмкін.
Premium боттар әзірше қолдау таппайды. Telegram жылдам дамып келеді, бұл мүмкіндіктің болашақта қолжетімді болатынын білу үшін блогімізді міндетті түрде бақылаңыз.
Жылдық жазылымдар айтарлықтай жеңілдікпен қолжетімді. Сонымен қатар @PremiumBot арқылы сатып алынған барлық жазылым әдепкі бойынша жеңілдікке ие, өйткені олар Apple немесе Google тарапынан комиссия алмайды.
@PremiumBot арқылы жазылған кезде бірінші Premium жазылымының валютасы мен бағасы (яғни бірінші ай немесе жыл) Telegram тіркелгіңіздің телефон нөмірінің ел кодына негізделген. Осы бастапқы төлемнен кейін барлық болашақ төлем және төлем әдісіңіздің елінің валютасымен есептеледі. (Мысалы: картаңызды Ұлыбританиядағы банк шығарса, төлем GBP валютасында болады.)
Локализацияланған баға белгілеуге лайықты болу үшін төлем әдісіңізді сол елдегі қаржы институты шығаруы және жергілікті есеп айырысу мекенжайы болуы керек.
Google Play немесе App Store арқылы жазылсаңыз, валютаңыз Google немесе Apple-дегі теркелгіңізге негізделеді.
Telegram Premium құнын мүмкіндігінше тұрақты етіп ұстауға бар күшімізді саламыз, бұл жергілікті өмір сүру стандарттарын көрсету және Telegram Premium-ды бәріне қолжетімді ету үшін аздаған өзгерістерді қамтуы мүмкін. Жазылу кезінде сіз көрген бағаға дүкен немесе үшінші тарап алымдары, жергілікті салықтар және Telegram бақылауынан тыс кез келген басқа қолданылатын алымдар кіруі мүмкін.
Дарынды жазылымдар жаһандық мөлшерлемені қолданады, сондықтан оларды кез келген елдегі қолданушыларға және қолданушылардан жіберуге болады. Әрқашан біреуге сыйлық жіберіп бастай аласыз, содан кейін олар жергілікті жазылымды орната алады.
Telegram төлем жүйелерімен және қолданбалар дүкендерімен бірге қолдау көрсетілетін төлем әдістерінің кең спектрін ұсыну үшін жұмыс істейді. Төлем әдісіңіз қолжетімсіз болса, барлық қолжетімді жазылым нұсқаларын қолданып көруді қарастыруыңыз керек: Premium жазылымына жазылу үшін қайсысы қолданылғанына қарамастан, барлық қолдау көрсетілетін қолданбаға қолданылады.
Иә. Telegram Premium-ге жазылып үлгерген болсаңыз, кез келген қолданушының бейінін ашыңыз, немесе
батырмасын көріп, оларға 3, 6 немесе 12 айға алдын ала жазылуды жібере аласыз. Алдын ала төленген жазылымдар жеңілдікті тарифтермен қолжетімді.
Premium жазылымыңызды сатып алу үшін қолданған жүйе арқылы бас тартуға болады.
/stop пәрменін жіберіңіз.Telegram Premium жазылымын сатып алуды үшінші тараптар жүзеге асырады (мысалы: @PremiumBot, Google Play, App Store).
Жазылымнан бас тартқан кезде, Telegram Premium үшін болашақтағы барлық төлем де жойылады. Ағымдағы ұзарту кезеңінің соңына дейін барлық Premium мүмкіндігіңізге қол жеткізе аласыз, содан кейін олар аяқталады.
Жазылымыңыздың мерзімі біткеннен кейін, мүмкіндіктеріңіз келесідей жойылады:
Барлық тегін мүмкіндік жазылудан бұрын сол қалпында қалады.
Тіркелгіңізге байланысты телефон нөмірін жазылымды жоғалтпай-ақ еркін өзгерте аласыз, жазылым телефон нөміріңізге емес, тіркелгіңізге байланысты.
Telegram-ды жою жазылымыңызды жоймайды, ол кез келген құрылғыда кез келген уақытта қолжетімді болады. Қолданбаны жою немесе оны біраз уақыт ашпау жазылымыңызды тоқтатпайды және оның бастапқы жаңарту күніне ұзартасыз.
@PremiumBot арқылы жазылсаңыз, тіркелгіңізді жою қайталанатын төлемдеріңізді тоқтатады, өйткені бот енді жоқ тіркелгіден ақы ала алмайды. Ұзартуу кезеңінің «қолданылмаған» бөлігін қайтару мүмкін болмайды.
App Store немесе Google Play арқылы Premium-ге жазылсаңыз, Apple немесе Google тіркелгі баптауы арқылы жазылудан бас тартуыңыз керек, өйткені бұл платформалар Telegram тіркелгіңізді немесе қолданбаны жойғаңызға қарамастан, сізден ақы алуды жалғастыруы мүмкін.
Premium ешқандай ерекше қарым-қатынаспен келмейді, өзіңізді жақсы көрсетпесеңіз, Telegram сізге қол жетімді кейбір мүмкіндіктерді, соның ішінде Telegram платформасына кіруді шектеуі мүмкін. Сондықтан қызмет көрсету шарттарымызды бұзып, бұғатталсаңыз, Premium артықшылықтарынан айырылуыңыз мүмкін және сізге бұл шығынды өтемейміз.
Толығырақ білу үшін толық құпиялық саясатымызды қараңыз.
Жоқ, Telegram несие картаңыздың деректерін сақтамайды. Premium жазылымын үшінші тарап арқылы сатып аласыз (мысалы: Google Play, App Store немесе @PremiumBot сияқты боттар арқылы төлем провайдері), сондықтан олардың қызмет көрсету шарттарымен қосымша келісесіз және олардың жеке құпиялық саясаттарын тексеруіңіз керек.
Telegram-ға тіркелу және оның барлық мүмкіндігіне қол жеткізу үшін телефон нөмірі ғана қажет. Premium-ге жазылу қосымша қолданушыдан төлем әдісін ұсынуды талап етеді, ол үшінші тараптың төлем процессорына тікелей аударылады. Төлем әдісіңіздің кез келген жеке деректемелері ешқашан Telegram серверлеріне жетпейді және төлем жүйелері тарапынан ғана қауіпсіз өңделеді.
Жоқ, төлем процессорлары Telegram-дағы әрекеттеріңізге ешбір жолмен кіре алмайды.
Басқа қолданушылар Premium таңбаңызды көріп, жазылғаныңызды көреді.
Олар қалай жазылғаныңызды, қанша жұмсағаныңызды көре алмайды.